» » Қажы дүркіретіп той жасады (ВИДЕО)

Қажы дүркіретіп той жасады (ВИДЕО)

  Осы уақытқа дейін 16 мыңнан астап Қазақстан қажыларын Сауд Арабиясына алып баруға жетекшілік еткен ол тойға Қазақстанның туын көтерген жігіттермен, еңгезердей батыр азаматтармен шықты.
Ал асаба той иесін қарсы алып тұрған меймандарға қажының жетістіктерін тізіп берді.
"1992- 1994 жылдары Меркі қаласындағы медреседе діни сауатын ашқан, 1994 жылы Египет астанасы Каир қаласының әйгілі Әл-Азхар университетіне оқуға қабылданып, 1999 жылы бітірген.
2002 жылдан бастап "Спутник Қазақстан" туристік компаниясында қажылық бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.
Оған қоса, Рухани білім жетілдіру институтының директоры, философия ғылымдарының кандидаты, доцент, көптеген ғылыми еңбектердің авторы.
2002 жылдан бері "Нұр Қазақстан" қажылық компаниясының президенті, 100 мәрте қажылықта болған Амангелді қажы Еренғайыпұлын ортаға шақырайық",- деді ол.
100 рет қажылыққа барғанын дүркіретіп атап өткен Амангелді қажыға жұрт екі түрлі пікір қалдырып жатыр.
Бірі оның әрекетін жақтаса, енді бірі мұндай астамшылықтың қажет емес екенін айтуда.

 
04 қараша 2019 ж. 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930