» » Жас Ұлан - Жарқын болашақ!

Жас Ұлан - Жарқын болашақ!


  Елбасымыздың бастамасымен құрылған «Жас Ұлан» ұйымы біздің облысымыздада белсенді жұмыс атқарып келеді. Ағымдағы жылдың тамыз айында қаламызда «Жас Ұлан» орталығы ашылды. «Жас Ұлан» орталығында қоғамда өзіндік қолтаңбасын қалдырғысы келетін, өзіне талап қоя білетін, коммуникативтік қабілетке ие 500 жасөспірім мен жастар біріккен. Тәуелсіз еліміздің болашақ иелерін тәрбиелеудегі үлгілі істерімен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген «Жас Ұлан» орталығының ұйым мүшелері құрылған күннен бастап-ақ, әрбір жаңа жобаларға, әлеуметтік бастамаларға, акцияларға, мерекелерге, өнерге, спортқа, сапалы білімге де ерекше назар аударып, орталықтың жұмысын жандандыруға белсенділік танытуда. Орталықтың өз жұмыс жоспары бар. Елбасы елдің ертеңі, болашағы дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын жастардың қолында екенін жиі айтса, осы мақсатта біздің орталықтың атқарып жатқан жұмыстары ұшан теңіз. Алдағы уақытта да орталық ұжымы жұмыс жоспары бойынша түрлі бағыттағы іс-шараларды өткізуді мақсат етіп отыр. Елбасы арманы - келешегі баянды, туған жерін қадірлейтін, әр жастың бойында патриоттық құндылықтары жоғары, ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу. Олай болса, жастардың бойында осы аталмыш қасиеттерді қалыптастыру үшін «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы әрқашан алдыңғы қатарда көрініп жүр және көріне береді.
06 қараша 2019 ж. 271 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031