» » Илья Илин кімге ренжулі (ВИДЕО)

Илья Илин кімге ренжулі (ВИДЕО)

  Ауыр атлетші Илья Ильин алғаш рет олимпиадаға жіберілмейтінін білген кезде қандай күйде болғанын айтып берді. Тіпті, өзінің көзге жас алып, жаттығу залына кірмей кеткенін де жасырмады. «Мұны қалай өткере алдым дейсіздер ме? Бұл олимпиадаға үш ай қалған кезде болды. Мен тамаша формада жүрдім, олимпиадада жеңіске жетуге дайын едім. Олар маған келіп осы туралы айтты. Астанаға шақырып алды ғой деймін. Бірнәрсе жасап, заңгерлер тағайындау қажет дегендей. Процесс кетті. Бір аптадан кейін жаттығу залына келуді қойдым. Атлетикаға, штангіге қарай алмадым. Ал жігіттер оимпиадаға дайындалып жатты. Ал мені лақтырып тастады. Көптеген жағымсыз эмоция болды. Барлығы да төмен дәрежедегі эмоциялар», - деді спортшы. 
Әрі қарай Илья Ильин өзінің көңілшек адам екенін жасырмады. Сондай-ақ, ұзақ уақыт бойы естеліктермен өмір сүруге мәжбүр болғанын айтты. 
«Мен эмоционалды адаммын. Әрине, жыладым. Instagram желісінде лентама кіріп отырғаным есімде. Көп көз жас төгілді. Көп жылымды бердім, көп жұмыс стедім деп ойладым. Күтпеген жерден осылай болды. Әділетсіз, дұрыс емес жасады. (...) Бірақ, неге әділетсіз екенін айтпай-ақ қояйын. Бәлкім кейін уақыты келгенде айтармын», - деді Илья Ильин. 

 

06 қараша 2019 ж. 304 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031