» » "Кешір әке менің басқа амалым болмады"

"Кешір әке менің басқа амалым болмады"

  Әскери қатарластарын өлтірген сарбаз Рамиль Шамсутдинов жасаған ісіне өкінбейтінін мәлімдеген. Бұл туралы сарбазбен кездескен әкесі Салим Шамсутдинов "Подъем" басылымына хабарлаған.

"Жалпы не болғанын айтып берді. Ардагер-сарбаздар оны қорлаған. Маған ұялып: "Әке, кешір, басқа амалым болмады. Не олар мені жоқ қылар еді, не мен. Олардың маған істегендерін кешіре алмаймын", - деді. Ол жасаған ісіне өкінбейді. Мұны әдейі жасаған.

Аздап азып кеткен. Өзін еркін сезініп жүр. Көзқарасы ауыр, есейіп қалғандай. Болашаққа көзқарасы жақсы: "Ештең етпейді, шығамын. Мұнда да адамдар бар ғой", - дейді. Ол біздің қолдауымызды сезінді. Әскерилер оның барлық дүниесін тартып алған. Тергеу изоляторында оған спорттық киім берген. Біз оның қыстық киімдерін апарып бердік", - дейді Салим Шамсутдинов.

Әкесінің сөзінше, бүгін күдіктіге Мәскеуден адвокаттар келген.

Еске салайық, 25 қазанда кешкі 18:00 шамасында Горный солдат ауылындағы №54160 әскери бөлімшесінде борышын өтеуші Рамиль Шамсутдинов жедел әрекет ету бөлімшесі жеке құрамының мүшелерін атып тастады. Шамсутдинов әскерилерге оқ жаудырып, салдарынан сегіз адам көз жұмып, тағы екеуі жараланған.

28 қазанда Чита әскери соты Шамсутдиновты екі ай абақтыға қамады. Оған қатысты "Екi немесе одан көп адамды өлтіру" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ол өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ресей Қорғаныс министрлігі күдіктіге қатысты зорлық әрекеттері жасалмағанын алға тартқан. Олардың пайымынша, Шамсутдиновтың қолға қару алуына күзет офицерімен болған "тұлғааралық қақтығыс" және "психологиялық үйлеспеу" себеп болған. Сонымен қатар, қанды оқиғаға қарауыл қызметі барысында "психикалық стресс" те әсер еткені айтылады.
06 қараша 2019 ж. 95 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930