» » "Иттің етінен шаурма дайындадым": Аспазшы барлық шындықты айтты(ВИДЕО)

"Иттің етінен шаурма дайындадым": Аспазшы барлық шындықты айтты(ВИДЕО)

  Сұхбат барысында жас жігіт жұмысқа кіргеніне тек бір жыл болғанда, арнайы тексеріс келеді деген сылтаумен ғана санитарлық кітапшаны жасатқанын айтты.
Сөзінше, осы уақытқа дейін жұмыс беруші құжатты сұратпаған.
"Достарыммен шаурма жеуге барғанбыз. Сол жерде таныс аспазшыларың жоқ па деп сұрады. Балалар мені көрсетіп. "Ол тамақты жақсы дайындайды" деді. Сонда мені жұмысқа шақырды. Мен ол үшін арнайы аспазшының білімі, санитарлық кітапша керек емес пе деп дедім, олар өзің келсең болды деді. Сөйтіп, санитарлық кітапша тек бір жылдан кейін пайда болды", - дейді ол.
Оның айтуынша, санитарлық кітапшаны жасатпауына ақшаға сатылатын тексерушілер себеп болған.
"Барлық тексерушілер сатып алынған. Олар келген кезде мәселе ақшамен шешіледі", - дейді ер адам.
Аспаз шаурма жасайтын жерде қолымен тамақ жасап, білгенін істейтін аспазшылардың бар екенін айтады.
"Шаурма жасайтын жерде кассир мен аспазшы ғана жұмыс істейді. 90 пайыз мекемелерде дәретхана жоқ. Сол кезде кассир шығып кетсе, адамдардың ақшасын аспазшы алады. Кейбір аспазшылар қолғаппен жүріп те бір жерін қасып, жұмысын жалғастыра береді", - дейді кейіпкер.
Бұрынғы аспазшы шаурма жасайтын орындарда келеңсіз жағдайлардың жиі болып тұратынын да атап өтті.
"Бірде шаурманы келушіге бергеннен кейін қолымдағы қолғаптың бір саусағы жоқ екенін көрдім. Демек, біреуге резеңке саусағы бар шаурма түсті.Үнемі тарақандармен қиындықтар болып жатады. Барлық мекемелерде олар бар. Азық-түліктерге жоламағанымен, дәмхананың ішінде жүгіріп жүреді.
Сондай-ақ ер адам шаурмаға қатысты айтылып жүрген алып-қашпа әңгімелерді жоққа шығарды.
"Барлық шаурма жасайтын жерде асхана бар. Онда аспазшы соус жасап, көкөністерді турайды. Асханадағы май айына бір рет ауыстырылуы мүмкін. Әдетте тек үстінен құйылып, толтырылып тұрады.Шаурманы мысық пен иттен жасайды деген алып-қашпа әңгіме бар. Ол өтірік. Себебі мысық пен иттен жасалса, оның бағасы қымбатырақ болатын еді. Әдетте сиыр, тауық және қой етінен жасалады", - дейді ол. 
07 қараша 2019 ж. 75 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930