» » МӘМС – болашақ ұрпақтың денсаулық кепілі

МӘМС – болашақ ұрпақтың денсаулық кепілі

Денсаулық- ол адамның ең баға жетпес байлығы. Денсаулық адамның өмір салтына тікелей байланысты. Алайда, нашар экология, сапасыз тамақтану, халықтың әлеуметтік өмір деңгейінің төмендігі және басқа да факторлар көптеген аурулардан сақтануға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, әр түрлі аурулардан әдеттегідей балаларды қорғауға қиындық туғызады.   Балалар – елдің болашағы, сондықтан дені сау ұрпақты өсіру және олардың үйлесімді дамуын қамтамасыз етуі қоғамның және мемлекетіміздің ең маңызды мақсаты болып табылады.   
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске асырылуына байланысты, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға ай сайынғы жарналарды мемлекет аударатын болады. Оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар да бар.  Барлық қажетті анализдер, диагностика, тексерулер мен емдеу мемлекеттік жарналарының есебінен жүргізіледі.  
 Дені сау сәбиді дүниеге әкелу үшін әйелдерге жүктіліктің бастапқы мерзімінен бастап тексерулер мен диагностикадан өтіп, қажет болған жағдайда, өзінің денсаулығын жақсартумен қатар, болашақ сәбидің денсаулығын сақтап қалу үшін ем қабылдау қажет. МӘМС жұмыс істемейтін жүкті әйелдерге жоғары дәрежелі медициналық көмекті тегін алуға мүмкіндік береді.  
Сондай-ақ, жеңілдік алушылардың қатарына көп балалы аналар,  жұмыс істемейтін әлеуметтік көмек алушылар, мүгедек-балаларға және бала кезінен мүгедектерге қамқорлық көрсетіп отырған жұмыс істемейтін  азаматтар да жатқызылды.
Балаларымыздың денсаулығы - ол ұрпақтан ұрпаққа берілетін байлық. 
Сәуле Абдамитова, «ӘМСҚ» КЕАҚ  Қызылорда облысы
бойынша филиалының халықты ақпараттандыру
және өтініштерді қарау бөлімінің сарапшысы 
08 қараша 2019 ж. 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031