» » "Air Astana бізді тағы да тақырға отырғызды": Айқын көптің сынына ұшырады

"Air Astana бізді тағы да тақырға отырғызды": Айқын көптің сынына ұшырады

  Күні кеше бизнес класспен Ақтау қаласына ұшып барған өнер иесіне, аталмыш классқа сай қызмет пен жайлы орын ұсынылмаған. "Air Astana бізді тағы да тақырға отырғызды! Билеттерді бизнес-класс ретінде 139 000 теңгеге сатты. Ал, орындықтар мен жайлылық (тамақтанудан басқа) эконом кластыкіндей. (49 000 тг.) Ешкімге ештеңе дәлелдей алмайсың.
Бұл лотерея сияқты. Қандай ұшақ бұйырады, сонымен ұшасың. Өйткені әр ұшақта әртүрлі орындықтар бар. Менің ойымша, жайлылықты жасай алмағаны үшін белгілі бір соманы қайтару жүйесін ойластыру керек. Әйтсе де, оларға бәрібір", – деді әнші.
Айқынның бұл жазбасы көптен қолдау таппады. Оқырмандары оны аямай сынап тастаған.
"Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді", "Сенің мәселеңді маған берсе ғой", "Жылайтын сен бе?", "Оданда эконом билет сатып ал", " Менің айлығым 140 000", "Қиын болған екен. Адамдар автобуспен 48 сағат бойы селкілдеп барады", - деп жазды оқырмандар.
11 қараша 2019 ж. 177 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930