» » Күнделікті жейтін тамақтан болған: ер адам комаға түсіп, сал болып қалды

Күнделікті жейтін тамақтан болған: ер адам комаға түсіп, сал болып қалды

  Ағзаның улану кезінде болатын мұндай белгілері өте сирек кездеседі екен. Науқастың иммундық жүйесі жұлынын зақымдаған.
Англияның Брайтон қаласының тұрғыны дұрыс пісірілмеген тауық етін жеп, комаға түсті. Ер адам сал болып қалды, деп хабарлайды The Sun басылымы.

39 жастағы Ричард Джексон тауықтан уланып қалған. Ер адамды шұғыл ауруханаға жеткізді.
Дәрігерлер оған не болғанын бірден түсіне алмапты. Алайда тез арада көмек көрсеткен. Джексон жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер науқасты он күнге жасанды комаға түсірді. Уланудың мұндай салдары өте сирек кездеседі екен. Науқастың иммундық жүйесі жұлынын зақымдаған. Ол мойнынан төмен сал болып қалды.
Ер адам комадан шыққан кезде аяқ-қолын қозғалта алмаған. Ауруханадан кейін екі ай бойы оңалту орталығында болды. Тамақ ішіп, мүгедек арбасына өзі отыра бастаған.  Ол қазір ми толқындарын басқаратын роботтандырылған костюмнің арқасында өзі жүре алады.
Енді ем алуын жалғастыруға ақша жинап жатыр

11 қараша 2019 ж. 268 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930