» » "Нұрболхан Ләйләні зорламақшы болыпты-мыс" (ВИДЕО)

"Нұрболхан Ләйләні зорламақшы болыпты-мыс" (ВИДЕО)

 Ләйлә Сұлтанқызы мен Нұрболханның сот үкімі көпшілікке мәлім. Тіпті танымал тележүргізуші өз парақшасында әзілкешті жеңісімен құттықтап, бұл іске нүкте қойылғанын жазған еді. Дегенмен, әзілкеш әлі де пікір білдіруін қояр емес. Бұл жайлы YuTube сұхбатқа сілтеме жасап, «Шоу лайф» интернет-порталы хабарлайды.

Тележүргізуші Нұрсұлтан Құрманның каналына сұхбат берген әзілкеш Нұрболхан Шарапов сотқа байланысты және жеке басына қатысты біраз дүниемен бөліскен. Оның айтуынша, ол Ләйлә Сұлтанқызын зорламақшы болған деген ақпарат тараған. Бұған қатысты біздің портал танымал тележүргізушімен байланысқа шықпақ болды.

«Астағфируллах, не айтып отырсыз? Өз шәкіртім өзіме осындай іс әрекетке бара ма? Күнде бір өзім естімеген жаңа әңгімеге тап болатын болдым-ау. Аллаға тапсырдым, аман болсын!» - деп қысқа қайырды.

Онымен қоса, сұхбаттың толық нұсқасын көрген көрермен екіге бөлінді. «Өзі айтып отырған ертегісіне өзі сене ме? Не қуып отыр? Ой, Нұрболхан, Ләйлә қатын болып тұрса да, еркектің ісін істеп, үндемеді. Сенікі еркек бола тұра қатынның әңгімесін айттың ғой. Инстаграмда да отырады әркіммен қырылып», - деген сынды пікір қалдырған.
11 қараша 2019 ж. 307 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930