» » «ХАЛЫҚТЫҚ ЗАҢГЕР» АКЦИЯСЫНДА 200-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН КЕҢЕС АЛДЫ

«ХАЛЫҚТЫҚ ЗАҢГЕР» АКЦИЯСЫНДА 200-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН КЕҢЕС АЛДЫ

   Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті және «Параграф» АЖ, zakon.kz порталы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалымен бірлесе Халыққа қызмет көрсету бойынша №1 қалалық бөлімінде «Халықтық заңгер» акциясы өтті.
Қала халқына консультациялық кеңес беру үшін 30 түрлі сала қызметкерлері қоғамдық қабылдау өткізді. Атап айтар болсақ, облыс әкімінің кеңесшісі Мақсұт Нәлібаев пен қала әкімінің міндетін атқарушы Бектас Балғабайұлы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов және әлеуметтік, білім, кәсіпкерлік, жер, тұрғын үй, ауыл шаруашылығы салаларының мамандары мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының білікті мамандары бар.
Шараның басты мақсаты – ашықтық, жариялылық принциптері негізінде елмен етене жұмыс істеу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Акция барысында 200-ден астам азаматтар қатысып, бақылау-қадағалау, әлеуметтік, денсаулық, жер, тұрғын үй қатынастары, қаржы институттары және басқа да қажетті орган өкілдері тұрғындарды жеке-жеке қабылдап, өтініштерін тыңдады.
Акция аясында сонымен қатар, халыққа қызмет көрстеу орталығының мамандары азаматтардың цифрлық сауаттылықтарын арттыру мақсатында «egov.kz» үкімет порталы мен egov mobile және Telegram bot мобильді қосымшасы арқылы онлайн қызметтерді алу жолдары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«
25 қараша 2019 ж. 174 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031