» » Қызылордада облыстық балалар ұйымының слеті өтеді

Қызылордада облыстық балалар ұйымының слеті өтеді

   Облыстық жастар  саясаты мәселелері  басқарамасының  қолдауымен 4 желтоқсан күні А.Тоқмағанбетов   атындағы  мәдениет үйінде  облыстық  «Жас ұлан» ұйымының  ұйымдастыруымен «Ұланымыз ұлы елдің» атты VІІ  облыстық балалар мен жасөспірімдер слеті өтеді.
Аталған шарада 50 оқушы  жас ұлан қатарына қабылданып,  200  делегат қатысады.
Слет  аясында қабылдау рәсімі өткізіліп, «Арманың  барда, адымда  алға!» жылдық жобалар үздіктері  марапатталады, арнайы  номинациялар  тапсырылады. Әлеуметтік  жобалар  аясындағы шаралар бойынша қолөнер және сурет  көрмесі  ұйымдастырылмақ.
Сонымен қатар «Жас Ұлан» бірыңғай     балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының қызметін ұйымдастыру жөнінде мектеп тәлімгерлеріне  арналған  семинар-тренинг өтеді. Жыл  бойы «Балалар  әлеміндегі  игі істер» жобасының қорытындысы  ретінде  жәрмеңке  ұйымдастырылып, одан түскен қаржы мұқтаж  отбасына  беріледі.
Айта кетейік, Қызылорда  облыстық  «Жас ұлан ұйымы»  2011 жылы  Елбасының  қолдауымен   құрылды. Қазіргі   таңда   аймақта  106 мың жас ұлан  бар.
03 желтоқсан 2019 ж. 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

14-343

09 сәуір 2020 ж.

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930