» » Қазақстанда 2020 жылы кімдер салықтан босатылады

Қазақстанда 2020 жылы кімдер салықтан босатылады

  Премьер министрдің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов 2020 жылдан бастап арнайы салық режимін қолданушы шағын бизнес өкілдері кіріс үшін төлейтін салықтан босатылатынын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"2020 жылдан бастап арнайы салық режимін қолданушы шағын бизнес өкілдері кіріс үшін төлейтін салықтан 3 жылға босатылады. Жер қойнауын пайдаланушылар, акцизделінетін тауар өндірушілер, ойын бизнесі және сыртқы экономикаға қатысушыларға бұл жеңілдіктер жүрмейді", - деді қаржы министрі.

Сөзінше, орта және шағын кәсіп ұйымдарын тексеруге 3 жылға мораторий жарияланатын көрінеді. Дегенмен министр бұл жағдай кәсіпкерлердің кедендік, салықтық комиссия және қылмыстық іске байланысты тексерістерден босатылады деген сөз емес екендігін қосты.

Әлихан Смайылов шағын және орта кәсіп өкілдерінің онлайн төлемдерді атқаратын кассалық аппараттар мен POS-терминалдарды іске қоса отырып, кіріс пен шығыс туралы салықтық есеп беру отырулары қажет деп ескертті.
03 желтоқсан 2019 ж. 161 0

PDF нұсқалар мұрағаты

14-343

09 сәуір 2020 ж.

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930