» » Сен кетті деп сендіре алмай өзімді...

Сен кетті деп сендіре алмай өзімді...

  «Сен кімсің, Сұлулық?» – деймін мен. Ол үнсіз жымияды. Жымияды да, жанарын төмен салып, аңырап келе жатқан составқа қарай кете барады. Мен оянып кетем...
«Япыр-ау!» – деймін сосын, – «япыр-ау, мына тірлікте басқа өлсе де, сұлулық өлмейді дегені қайда? «Сөйтем де көз алдымдағы оның бейнесімен сырласуға талпынам. Бірақ... бірақ ол төрт бұрышы тең емес тірліктің құлы – біздерді мүсіркегендей жымиған қалпында үнсіз қала берді. Неге? Осы неге аз күннің ішінде сормаңдайды қанша соқсам да, жарытымды жауап таба алмай қор болам. Бәлкім, арым айтқан қара қылды қақ бөлер қатал үкіммен үлп-үлп еткен үркектігі басымдау шыбын жан шіркін келісе алмайтын шығар. Солай-ау...
Есіме Достаевскийдің «Сұлулық әлемді құтқарады» дегені түседі. «Ал сода сұлулықты кім құтқарады» деймін мен: «Ар!» дейді маған үнсіздік. «Сұлулық Ардың құлы болғанда, пенделікке салынып өз-өзін сатуға болмағанда ғана асқақ та әдемі қалпын сақтап, өзін рухани өлімнен аршалап қалады».
Тағы көзім ілінеді. «Сен кімсің Еркелік?» – деймін мен. Ол тағы да үнсіз кетіп бара жатады. Мен оянып кетем. Сода кейінгісі – арпалыс. Арымды, адалдығымды сақтау үшін емес, қысқа түннің тәтті түрмесі – ұйқы деген арсыздық құшағына құлау үшін арпалысам мен байғұс.
Сөйтіп, таң да атады. Жаңа қызмет орнына емес, баяғы үйреншікті мекемеме бара берем. Бірақ маңдайшасында «15» деген жазуы бөлме есігін аша алмаймын. Өйткені ол бөлме құлазып тұр...
Аспан бүгін ерекше әдемі, нұрлы. Бәлкім аспанда сұлулық, өрлік, еркелік рухы әлі қалықтап жүргендіктен шығар деймін мен. «Иә», – дейді үнсіздік. Сосын тағы арпалыс. Арзан тірлікте өзіңді қымбаттырақ санап, өзіңді біреуден жоғарырақ етіп, содан зор ләззәт алу үшін болатын алмағайып арпалыс. Бұл – жер беті, ал аспанда асқақтық пен сұлулық рухы қалықтап жүр. Ол енді мұнда оралмайды. Ал біз аспанға барудан үміттіміз...Бірақ кімнің аспанына...
Білмеймін...
30 желтоқсан 2019 ж. 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031