» » Абай мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізу жолындағы игі іске бірге жұмыламыз

Абай мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізу жолындағы игі іске бірге жұмыламыз

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай жазылған көлемді мақаласы ұстаздар қауымына рухани бағыт бере білді. Расында да, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының ғасырлар бойы ұлт жадына сіңіріп кеткен ойлары мен өсиеті келешек ұрпақтың өсіп-өркендеуіне, рухани кемелденуіне бағыт береді.
Президент ұлы ақынға арналған мерейтойды кең көлемде, әсіресе жас ұрпақтың тағылым алатындай етіп өткізуді тапсыруы әрбір білім беру ұйымдарында қызмет ететін мұғалімдерге жауапкершілік жүгін жүктейді.
Мақалада ұстаздың мәртебесін биіктетуге, білім беру саласын заманға сай дамытуды міндеттеді. Яғни біздің әрбір қызметіміз ілгері көшке ілесіп, алдыңғы қатардан орын алуы тиіс.
Биылғы ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында Сыр ұстаздары мен оқушылары ұлы ақынның шығармашылығын насихаттауды тағылымды шаралармен сабақтастырады. Абай мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізу жолындағы әрбір игі іске бірге жұмыламыз.

Майра Мелдебекова, 
Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы
09 қаңтар 2020 ж. 75 0

PDF нұсқалар мұрағаты

07-336

20 ақпан 2020 ж.

06-335

13 ақпан 2020 ж.

05-334

06 ақпан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829