» » Алматыда ер адамның тұрғындарға пышақпен шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалды

Алматыда ер адамның тұрғындарға пышақпен шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалды

  Оқиға 8 қаңтар күні Достық шағын ауданындағы базарда болған. Куәгерлер болған жайтты видеоға түсіріп үлгеріпті

Алматыда ер адам сатушы мен тұрғынға пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 8 қаңтар күні сағат 13:17-де Әуезов ауданының полиция басқармасына хабарлама түскен. Достық шағын ауданындағы базарда шамамен 25-30 жастағы ер адам сатушы мен тұрғынға пышақпен шабуыл жасалғаны туралы айтылған.

Бұл сәтті куәгерлер видеоға түсіріп үлгеріпті. "Жедел-іздестіру барысында күдікті ретінде 2011 жылдан бері "Параноидты шизофрения" диагнозымен есепте тұрған ер адам ұсталды. 9/2 жедел жәрдем бригадасының көмегімен адамдарға пышақпен шабуыл жасаған күдікті Алматы қаласындағы психологиялық денсаулық орталығына жатқызылды", - делінген қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұл факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-тармағы 3-тармақшасы бойынша (бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша кінәлі деп танылған адам үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Алайда ер адамның диагнозына байланысты түрмеге емес, емделуге жіберілуі мүмкін.
View this post on Instagram

✔️Оқиға 8 қаңтар күні Достық шағын ауданындағы базарда болған. Куәгерлер болған жайтты видеоға түсіріп үлгеріпті НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Алматыда ер адам сатушы мен тұрғынға пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 8 қаңтар күні сағат 13:17-де Әуезов ауданының полиция басқармасына хабарлама түскен. Достық шағын ауданындағы базарда шамамен 25-30 жастағы ер адам сатушы мен тұрғынға пышақпен шабуыл жасалғаны туралы айтылған. Бұл сәтті куәгерлер видеоға түсіріп үлгеріпті. "Жедел-іздестіру барысында күдікті ретінде 2011 жылдан бері "Параноидты шизофрения" диагнозымен есепте тұрған ер адам ұсталды. 9/2 жедел жәрдем бригадасының көмегімен адамдарға пышақпен шабуыл жасаған күдікті Алматы қаласындағы психологиялық денсаулық орталығына жатқызылды", - делінген қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Бұл факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-тармағы 3-тармақшасы бойынша (бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша кінәлі деп танылған адам үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Алайда ер адамның диагнозына байланысты түрмеге емес, емделуге жіберілуі мүмкін. Видео @kris_p_kz

A post shared by SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz) on

10 қаңтар 2020 ж. 278 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930