» » САБЫРЖАНҒА СЕНІМ МОЛ

САБЫРЖАНҒА СЕНІМ МОЛ

Қызылорда қалалық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Директоры қызметіне 2020 жылдың 10 қаңтарынан бастап Кеңшілік Сабыржан Бауыржанұлы тағайындалды. Бұл туралы қалалық ішкі саясат мекемесінің фейс бук желісіндегі парақшада жарияланды. Сабыржан аймақтағы жастар саясатында тәжірибесі бар маман. Білімді де, білікті белсенді жас. Тағайындаудың астына Сабыржанға сәттілік тілегендер көп. Ал бұған дейін орталықты басқарған Жанболат Досмаханов Жеңсікбайұлының қандай қызметке баратыны айтылмаған. "Жас келсе іске" деп халқымыз бекер айтпаса керек, біз Сабыржан Бауыржанұлының жемісті еңбек ететініне сенім білдіреміз. Сабыржан Бауыржанұлы, 1994 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қызылорда қаласына қарасты №12 І.Қабылов атындағы орта мектебінің түлегі. М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінде «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алған, жоғарғы білімін «Ақмешіт» институтының «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2012 жылы «Қызылорда жастары» Қауымдастығы Еріктілермен жұмыс жасау бөлімінің жетекшісі қызметінен бастап, 2014 жылы «Қызылорда – Ақиқат Айнасы» жастар қоғамдық бірлестігінің Жоба үйлестірушісі, 2014-2018 жылдары аралығында Қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдіскері, «Көшбасшылар» клубының жетекшісі, 2014-2019 жылдары аралығында «Сана» зияткер жастар мектебі» Қоғамдық қорының Президенті, 2018-2020 жылдары аралығында Жалағаш аудандық оқушылар үйі "Цифрлық лаборатория" кабинетінің меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарып келген.
Сонымен қатар Сабыржан Бауыржанұлы Қызылорда облысы әкімінің «Сыр Үміті» жастар сыйлығының иегері, Ұлттық тренерлер пулының тренері, «Жастар қызметкерлері» Қауымдастығының мүшесі болып табылады.
Бұған дейін орталықтың Директор қызметін атқарып келген Досмаханов Жанболат Жеңсікбайұлы басқа қызметке ауысуына байланысты өз еркімен жұмыстан босатылды.
 
"Ақмешіт жастары" газетінің ұжымы
10 қаңтар 2020 ж. 518 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930