» » ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНДАҒЫ АҚША БЕРІЛЕ МЕ?

ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНДАҒЫ АҚША БЕРІЛЕ МЕ?

Осы сұрақты халық бүгінде қызу талқылау үстінде. Әсіресе әлеуметтік желіде пікір білдірушілер көп. Тіпті кейбірі ақшаны алу үшін қанша айлық алу керектігіне дейін есептеп тастаған.
"Президент Жолдауында зейнетақы жинағын баспана алу үшін пайдалануға немесе салымның белгілі бір бөлігін ем-домға жұмсау болады дегенді естіп халық қатты қуанды. Ең болмағанда "Жиреншенің лашығындай" тұрақты тұрағы жоқ азаматтар баспаналы болуға үміт оты жанғандай болған еді. Бірақ...
"...ер адам 55 жасқа, ал әйел 51 жасқа жеткенде өз жинақтарын "зейнетақы аннуитеті" ретінде рәсімдеп, ақшаны ала алады. Бірақ ер адамдар - 10 миллион, ал әйелдер 12 миллион теңге жинауы шарт" – депті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов. Мәселен, жинағында 4 млн. теңге қаржы бар. Алайда пәтері жоқ. Осы қаржыны пәтердің бір бөлігіне жұмсап, үйлі болуға болмай ма?", деп жазды фейс бук желісінің қолданушысы Нұрлат Байкенже.
Айкерим Маратбек: "Жасым 35 те әлі миллионға жетпеді жинақтағы қорым, 20 жылда 11 миллион жинауым үшін министр болуым керек шығар" десе, Алмас Битабаров: "Ол ақшаны біздің елде жинау үшін кемінде 200 жыл өмір сүру керек" деді.  Ал Ергали Сарсенбаев есімді желі қолданушысы кімдерге берілетінін есептеп жазды. "30жылда 360 ай бар. 12 миллион жинау үшін айына 34 000 теңге салу керек. Ол үшін айлық 350 мың болу керек кемінде .Ондай жұмыс қайда бар екен? Барайық" деп пікір білдірген. Gulzada Bitabarova "Ондай қаржы жинау үшін айлық 500 мыңнан кем болмау керек қой. Бұл жоғарыдағы көкелерімізге арналған реформа-ғой" десе, Шохан Макулбеков "Депутат болыңыздар" деп кеңес беріпті. Халық зейнет ақы қорындағы ақша шын мұқтаж жандарға берілуі үшін Президент тапсырмасы қайта қаралатынына сенім білдіруде.

Қаракөз ҚЫПШАҚ

10 қаңтар 2020 ж. 569 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930