» » Жаңа қондырғы – сапалы қызмет кепілі

Жаңа қондырғы – сапалы қызмет кепілі

Кеше облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов облыстық көпбейінді ауруханада болып, тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасымен және жаңа қондырғылардың жұмысымен танысты.
Биыл кардиохирургиялық орталықтың ашылғанына 10 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында ашық жүрекке 1334 ота, 12000 науқасқа коронография, 4000 сырқатқа стенд қойылған. Мұның барлығы әрине, заманауи құрал-жабдықтардың көмегімен жүзеге асатыны белгілі. Соның ішінде жүрек қан тамырлары аурларында, жедел инфаркті анықтауда компьютерлік томографияның маңызы зор. Мамандардың айтуынша, ауруханаға қойылған заманауи үлгідегі жаңа қондырғы мұндағы он жыл бұрын алынған құрылғыдан әлде қайда қуатты.   Бұрынғы томограф 64 кескінді болса, жаңасы 84 кескінді. Ол диагнозды шұғыл әрі дәл қоюға мүмкіндік береді. Оны алуға облыстық бюджеттен 440 млн теңге бөлінген.Сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде алынған ангиограф аппаратының да маңызы зор. Ол қан тамырларын рентген сәулелері арқылы тексеріп, оның төңірегіндегі тканьдердің ауруын анықтауда шұғыл және жоспарланған жоғары технологиялық көмекке қол жетімділікті қамтамасыз етеді. Сонымен бірге аппараттың көмегімен онкологиялық ауруларға, бас-ми ісіктеріне, урологиялық, гинекологиялық және нейрохирургиялық ауруларға ота жасауға болады.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының көрсеткіші бойынша, жүрек қан тамырлары ауруынан болатын өлім-жітімді азайту үшін 1 млн халыққа 1000 ота жасалуы қажет. Ал облыстың 800 мың тұрғынына есептегенде жыл сайын 800 ота жасалуы тиіс. Ол үшін әрбір 250 мың тұрғынға 1 ангиографиялық аппарат қажет етіледі. Биыл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде алынған 2 аппараттың көмегімен тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы артады деп күтілуде. Аппараттың бірі облыс орталығында, бірі Қазалы ауданында жұмыс істеуде.  
–Бұл қондырғылардың барлығы тұрғындардың игілігіне жұмыс істеуі керек. Адамның өмірі, денсаулығы  – басты байлық. Сондықтан халықтың денсаулығы басты назарда болуы тиіс. Елбасы, Президент те бұл жөнінде үнемі айтып келеді. Алдағы уақытта да бюджет қаражатынан осындай заман талабына сай келетін құрал-жабдықтарды сатып алуды қарастырамыз, – деді облыс әкімі.
Қызылордаға іс сапармен келіп, аяқ астынан науқастанып ауруханаға түскен алматылық азаматтың жүрегіне коронография жасалған. Қазіргі кезде науқастың жағдайы жақсы. Қал-жағдайын сұраған аймақ басшысына алғысын айтып, аурухана ұжымына ризашылығын білдірді.
"АЖ" ақпарат
15 қаңтар 2020 ж. 153 0

PDF нұсқалар мұрағаты

39-368

01 қазан 2020 ж.

38-367

24 қыркүйек 2020 ж.

37-366

17 қыркүйек 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031