» » Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 2019 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 2019 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді

  Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты төрағасының міндетін атқарушы Г.Искакова бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 2019 жылдың 12 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.
Іс-шара барысында сот төрағасы статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.
2019 жылдың 12 айында 6236 әкімшілік іс келіп түскен, оның ішінде 6127 іс негізінен қаралып, 5500 адамға әкімшілік жаза тағайындалған, 97 адамға қатысты тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданылған, 530 әкімшілік іс сот өндірісінен тоқтатылған болса, оның басым көпшілігі медиция тәртібімен аяқталған, виртуалды пилоттық жобасы аясында 33 іс, ал түнгі сотта 407 іс қаралды.
Жалпы 2019 жылда келіп түскен әкімшілік істер саны 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 955 іске яғни 15% көбейгені байқалады.
Есепті мерзімінде істер аудио-бейне жазба жүйесі арқылы және бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн режимде қаралған.
Баспасөз конференциясын қорытындылай келе, сот төрағасының міндетін атқарушы Г.Искакова БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
14 қаңтар 2020 ж. 81 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930