» » Заңнамаларға енгізілген өзгерістер сот жүктемесін оңтайландырады

Заңнамаларға енгізілген өзгерістер сот жүктемесін оңтайландырады

 
2019 жылдың 21 қаңтарында Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойып, аталған Заң 2019 жылдың 3 ақпанында күшіне енді. 
Аталған Заң аясында 42 заңнамалық актіге, оның ішінде 11 Кодекске меншік құқығын қорғауды күшейтуге, төрелікті дамытуға, сот жүктемесін оңтайландыруға және экономика саласындағы қылмыстарды ізгілендіруге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 
 Осы толықтырулардың ішіндегі сот  жүктемесін оңтайландыруға бағытталған түзетулерге тоқталсақ, Азаматтық процестік кодексіне және «Нотариат туралы» Заңға өзгерістер енгізіліп, бұйрық арқылы іс жүргізудің 18 талабының 9-ы нотариатқа берілді.
Енді, меншік құқығын қорғау жөніндегі заң азаматтық-құқықтық даулардың кейбір түрлерін енді нотариустар шешеді деп көзделіп отыр.
Бұл берешекті өндіріп алу бойынша даусыз талаптар. Мысалы жалақыны өндіріп алу туралы, коммуналдық қызметтер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы және т. б. талаптар. Мысалы судья, егер талапты нотариаттық жазба бойынша жүргізуге болатын болса, іс бойынша талап арызды қайтара алады. Егер талапкер даудың болуын талап етсе, судьяның талапкерге іс бойынша сот шығындарын жүктеуге құқығы болады.
Сонымен қатар, тараптардың келісімдеріне негізделген 10 талап оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуден соттың бұйрықтық іс жүргізуіне берілді.
Ал оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуде  талап қою бағасы заңды тұлғалар үшін – жеті жүз айлық есептік көрсеткіштен, жеке кәсіпкерлер, азаматтар үшін екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ақша сомаларын өндіріп алу туралы талап қою арыздары бойынша және талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздары бойынша істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарау ғана қалды.
Бұдан басқа сот орындаушыларының жекелеген қаулыларын санкциялау соттан прокурорларға беріледі. Атап айтқанда, сот орындаушылардың банк шоттарының нөмірлері және оларда ақшаның бар-жоғы туралы ақпаратты талап ету туралы, борышкердің мүлкіне, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғаның банктердегі ақшасына тыйым салу туралы қаулыларын санкциялау. Ал, соттарда борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының Қазақстан Республикасынан шығуына шектеулер және борышкерді мәжбүрлеп алып келуді санкциялау түрлері қалды.
Осылайша соттан даусыз істерді алу, судьяларға жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін үлкен маңызы бар нақты дауларды шешуге мүмкіндік беретін болады.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Салтанат Умарсерикова
30 желтоқсан 2019 ж. 78 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031