» » 300 млн теңге кімнің қалтасында кетті?

300 млн теңге кімнің қалтасында кетті?

   Өткен жылы тамыз айында барлығымызды дүр сілкіндіріп, кәсіпкердің үйіне қарақшылық жасап, үй иесін өлтіріп қашып кеткен күдікті ақыры қолға түсті.
17 қаңтарда облыстық Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері іздеуде жүрген күдікті 24-жастағы қала тұрғыны ұсталды.
Ол қылмыстық топ құрамында болып 2019 жылдың тамыз айының соңында кәсіпкердің үйіне қарақшылық қылмысын жасап, зергерлік бұйымдары мен 300 млн теңгеге жуық ақшаны жымқырып үй иесіне ауыр дене жарақатын салған болатын. Салдарынан жәбірленуші ауруханада көз жұмған.
Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабының 4-бөлігімен және 99-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс тергелуде.
Өткен жылы онымен бірге қылмыс жасаған 5 сыбайласы «ізін суытпай» ұсталып, оларға қатысты қылмыстық іс сотта қаралуда.
22 қаңтар 2020 ж. 59 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930