» » Аралдық тұрғын есірткімен ұсталды

Аралдық тұрғын есірткімен ұсталды

   Патрульдік полиция қызметкерлерімен жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 36 жастағы Арал ауданының тұрғыны ұсталды. Полиция қызметкерлері «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолында күдік тудырған жеңіл автокөлікті тоқтатқан.
Тексеру жұмыстары барысында автокөліктің артқы салонынан ерекше иісі бар 2 дана полиэтилен пакет және газетке оралған ерекше иісі бар шөпке ұқсас зат алынған. Сараптама қорытындысы негізінде оның 1 келіге жуық  «кептірілген марихуана» екені белгілі болды.
– Бүгінгі күні күдікті Арал ауданы Полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, — деп хабарлайды Қызылорда облысы Полиция департаментінің  баспасөз қызметі
22 қаңтар 2020 ж. 88 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930