» » Жастар кеші өтті

Жастар кеші өтті

   Волонтерлар жылының ашылуына орай М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде жастар кеші болып өтті.
Колледж директоры Бақытжан Сайлыбаев жастарды Волонтерлар жылының басталуымен құттықтай отырып, осы жыл еншісінде Абайдың – 175, Әл-Фарабидің – 1150, Ұлы Жеңістің – 75 жылдығы аталып өтілетініне де басымдық берді. Сонымен қатар, ұжым басшысы Жастар жылы аясында қол жеткізген колледж жетістігіне студенттердің үлесі мол екенін айтты.
– «WorldSkills Kazakhstan» кәсіби шеберлік республикалық чемпионатына студенттеріміз – Аяулым Сарманова қатысып, ІІ орын, күміс медаль алса, Ақселеу Арленкеева «Үздік жас маман» арнайы медальонын иеленді. Нұрилла Досбол, Әлия Тоқмырза, Ақбота Тұрсынбай сынды студенттер ҚР колледждерінің «ТОП 100 студенттері» қатарына қосылды. Нұрилла Досбол мен Ақбота Тұрсынбай Алматы қаласында өткен ІІ Қазақстан жастары форумына да қатысты. Нұр-Сұлтан қаласында өткен Республика студенттерінің ХҮІ шақырылымындағы белсенді студенттер қатарында Бекзат Ешмұратовтың болғанын да мақтанышпен айта аламыз. Колледж студенттері  Nur Otan партиясының облыстық филиалы ұйымдастырған «Менің Туым, менің Отаным!» патриоттық акциясына қолдау жасады. Ерлікке тағзым мен отансүйгіштіктің ерекше форматтағы үлгісі «Мәншүк маршы» дәстүрін жалғастыруда. Жалпы жыл көлемінде студенттердің 31 халықаралық, 181 республикалық, 295 облыстық түрлі деңгейдегі байқау, олимпиада, сайыстарға қатысып, жүлдегер атанғаны да колледж үшін үлкен абырой. 2019 жылы колледжді бітірген 401 студенттің 62%-ы жұмысқа орналасса, 22,6 %-сы жоғарғы оқу орнына түсті. Жыл соңындағы басты табыс – Nur Otan» партиясы және Jas Otan Жастар қанаты облыстық филиалының ұйғарымымен колледж жастар ұйымы «Жылдың үздік жастар ісі жөніндегі комитеті» номинациясына ие болды, – деді Б.Сайлыбаев.
Шара барысында студенттердің осындай табысқа жетуіне үлес қосқан ұстаздар марапатталды. Жастар кешіне Jas Otan Жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Талғат Оспанұлы қатысып, бір топ көшбасшы студентті марапаттады.
22 қаңтар 2020 ж. 82 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930