» » Бәрі де жұмысқа тұру үшін

Бәрі де жұмысқа тұру үшін

   Еліміз төртінші өнеркәсіптік революция кезеңінде бәсекелестікке қабілетті болуы үшін техникалық мамандықтардың маңызы артып отыр. "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында да тұрмыс пен өнеркәсіптің барлық деңгейлеріндегі жұмысты жалғастыру үшін де технократтар толқыны қажет. Ендеше, техникалық және кәсіптік білім бере отырып, мамандыққа да машықтандыру жұмыстарын жандандыру – басым бағыттардың бірі.
Дуальды жүйенің негізі – болашақ жас маманды оқу орны мен өндірісте қатар оқыту, сонымен қатар, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткішін жоғарылату. Дуальды жүйе бойынша білім алған колледж түлегі жұмыссыз қалмайды. Өйткені теория мен тәжірибені ұштастыру нәтижесінде, студент оқу бағдарламасын жақсы меңгеріп қана қоймай нағыз дайын маман болып, жұмыс берушілердің сұраныстарына, талаптарына сай кәсіптік-техникалық кадрлар даярлайды және дуальды оқыту әдісінің тағы бір ерекшелігі, еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауға тек білім мекемелерінің ғана емес, сонымен қатар жұмыс беруші мекемелердің де жауапкершілігін арттырады.
         Дуальды оқыту жүйесі барысында студент, өз мамандығын жетік меңгереді, практикалық білімін ертерек жетілдіреді, сонымен қатар қоғаммен тез тіл табысуға үйренеді, өз ортасында беделі жоғары болады және жауапкершілікке тәрбиеленеді. Жұмыс үрдісінде студент өз мамандығына жаңаша көзқараспен қарайды және өз мамандығын жаңылмай дұрыс таңдағанын түсінеді. Колледж түлегі, болашақ маман өндірісте жұмыс істей жүріп, жұмыс өтілін жинайды, қосымша табыс табады және оқу орнын бітіргеннен кейін жаңа заман талабына сай шарттарға байланысты яғни, еш қиындықсыз қызметке орналасады. Дуальды оқыту жүйесінің өндірістік мекемелер үшін тиімділігі қандай деген сұраққа тоқталар болсақ: дуалды оқыту жүйесі өндірістік мекемелер үшін таптырмас мүмкіншілік болып табылады. Себебі, мекемелер өздері үшін мамандандырылған кадрлар дайындайды, жұмысшылар іздеу үшін және жұмысшылар таңдауда уақыт үнемдейді және шығынға ұшырамайды. Мамандар өндірісте жұмыс жасағанда кейбір мәселелер туындамас үшін, жұмыс беруші оқу процесінің барлық уақытын тиімділікпен мұқияттылықпен өткізеді. Оқу орындарымен бірлесе отырып жұмыс жасау өндірістік мекемелер үшін де өте тиімді, себебі өзіне қажетті кадрларды ерте бастан болашаққа білікті маман дайындайды.
        Қазіргі нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарлама-сына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі.
        Осыған байланысты қойылған басты міндет – мемлекеттік құрылым-дардың күшін біріктіру, жұмыс берушілер мен оқу орындарын облыстық кәсіпорындар мен өнеркәсіптерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесінде жұмылдыру.
       Әлеуметтік серіктестік аясында көпсалалы  «Ұлағат Қызылорда»  колледжі негізінен қызмет көрсету саласына білікті жас кадрларды даярлау үшін өндірістік сауда мекемелерімен әлеуметтік серіктестікпен, соның ішінде «Маркетинг» мамандығы бойынша «Аль-Асад», «Retail AA» және «Раманов и К» қарасты «Ажар» сауда орталықтарымен келісім шартқа отырды. Бұл кәсіпорындардың жетекші мамандары  өткізілетін мемлекеттік біліктілік беру аттестацияларына қатысып, бітіруші түлектерді жұмысқа шақырады.
Колледж түлектерін дайындауда білімді тәуелсіз бағалау сапасы үрдісінде жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер белсенді түрде қатысып отырады. Жұмыс беруші мекеме өкілдері жыл сайын колледж бітірушілерін қорытынды аттестаттау жұмыстарына қатысып, біліктілік, білімділік деңгейлерін сарапқа салады, бағалайды.
Колледжбен келісім шарттарға отырған жергілікті мекемелер өндіріс талаптарын ескере отырып, колледжге материалдық-техникалық базасын пайдалануға рұқсат етіп, көмектесіп келеді, сондай-ақ оқытушылар мен білім алушылардың өндіріс орындарында теориялық білім мен практиканы ұштастыруларына да жағдай жасауда. Ал өз кезегінде тағылымдамалар оқытушылардың оқу үдерісін жоғары деңгейде ұйымдастыруына мүмкіндік береді және білім беру мен өндірістік үдерістерді барынша жақындатуға көмектеседі.
         Міне, дуальды оқыту жүйесі теориямен қоса практиканы пайдалану деген сөз. Түлектер теориялық жағынан емес, практикалық жағынан да сауатты болмақ. Диплом алысымен олар мекемеге орналаса алмасада, өздері жеке істерін ашып, бизнеспен айналыса алады деген сенімде.
        Еліміздегі кәсіби-техникалық білім беру жүйесі ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Өйткені экономиканың қарқынды дамуымен кәсіби-техникалық маман иелеріне сұраныс та күн санап артуда. Соған орай, теориядан гөрі тәжірибеге басымдық берілетін дуальдық жүйені енгізу халықты жұмыспен қамту проблемасын шешудің бірден-бір тиімді жолы екендігі анық.
Ендеше, дуальды оқыту мәселесі ауқымды мемлекеттік бағдарламалардың аясында ұсақ мәселе көрінгенімен, еліміз қазір ден қойып отырған – төртінші өнеркәсіптік революция кезеңінде бәсекелестікке қабілеттілік мәселесінде, “Цифрлы Қазақстан” бағдарламасында басты рөл ойнайтын мыңдаған жас мамандар даярлайтын мазмұны әлдеқайда кең жоспар.
                                  Жадыра Шілдебаева,
Зухра Сүгірова
22 қаңтар 2020 ж. 46 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930