» » Бейтаныс арумен түскен суретін жариялаған Димаш елді қызықтырып қойды

Бейтаныс арумен түскен суретін жариялаған Димаш елді қызықтырып қойды

  Ғажайып даусымен қазақ атын күллі әлемге паш етіп жүрген өнер иесі Димаш Құдайберген жанкүйерлерін тағы да таңғалдырды. Эстрада жұлдызы Instagram парақшасына бейтаныс арумен түскен суретін жүктеп, оқырмандарын қызықтырып қойды. Әдетте, тек бір өзінің фотосын жариялайтын әнші бұл жолы қызу талқыға түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Фото. Instagram/kudaibergenov.dimash. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Димаш Құдайберген өзінің жаңа фотосымен жанкүйерлерін ойландырып қойды.
Қазақстандық тума талант көрікті бойжеткенмен суретке түскені үшін желіде қызу талқыға қалды.
"Қандай тәттісіңдер" , "Қыздармен фото көбейе бастады" , "Әдемі қыз екен" , "Саған кім болып келеді?" , "Осы қызды келіндікке алу керек сияқты" , "Екеуі де әдемі, екеуі де сондай талантты" , "Халықты өнерлеріңмен тәнті етуді жалғастыра беріңдер" , "Бұл қыз кім?" , "Арулардың фотосы жиілеп кетті" , - деп жазуда желі қолданушылары.
Оқырмандар әншіні бірден сұрақ астына алып, бейтаныс арудың кім екенін анықтауға кіріскен.
Алайда Димаш жанкүйерлер қамын ойластырып қойған болып шықты. Ол фото анықтамасына сылқымның өзіне дос болып келетінін жазып қойған. Оның үстіне бойжеткен Мария Мудряк есімді опера әншісі екені анықталды.
Димаштың айтуынша, екеуі өте жақсы дос екен.
Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергенннің бейнеклипіне түскен гимнаст ару өз-өзіне қол жұмсамақ болған.
14 ақпан 2020 ж. 134 0

PDF нұсқалар мұрағаты

08-337

27 ақпан 2020 ж.

07-336

20 ақпан 2020 ж.

06-335

13 ақпан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829