» » Қармақшы ауданының әкімі «Әлем барысының» жүлдегері Мақсат Исағабыловты қабылдады

Қармақшы ауданының әкімі «Әлем барысының» жүлдегері Мақсат Исағабыловты қабылдады

  Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков жерлесіміз «Әлем Барысының» жүлдегері Мақсат Исағабыловты қабылдап, алғыс хатпен 500 мың теңгенің сертификатын табыстады.
Қабылдауға аудандық мәслихат хатшысы Марат Наятұлы, аудан әкімінің орынбасары Жарқын Омаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов, «Достық Жер МК», «Абай Дәулет» шаруашылықтарының басшысы Мұрат Сәрсембаев және Мақсаттың бапкері Әділбек Серікбаев пен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрбол Мырзабаев қатысты.
«Ауданымызда тұрғындардың спортпен шұғылдануы үшін барынша жағдай қалыптасқан.Аудан спортшылары өткен жылы ҚР біріншіліктері мен чемпионаттарында 25 – алтын, 20 – күміс, 25 – қола медальды жеңіп алса, Әлем Кубогында 1-қола, Әлем чемпионатында 2-күміс және Азия чемпионатында 1-алтын медалды жеңіп алды. Мақсаттың жеңісі Сыр спорты үшін ерекше», – деді аудан басшысы.
Айта кетейік Мақсат Исағабылов 1994 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген, 2002 жылы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне самбо күресі бөлімшесіне қабылданды.
Мақсат жасөспірімдер және жастар арасында самбо күресінен, қазақ күресінен және дзюдодан Қазақстан Республикасы біріншіліктерінің жүлдегері және жеңімпазы атанған.
Дзюдо және қазақ күресінен «Қазақстан Республикасының спорт шебері», самбо күресінен «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағын иеленген, бірнеше республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпазы, ел біріншілігінің жеңімпазы, «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің қатысушысы.
Өткен жылы Моңғолия астанасы Ұлан-батыр қаласында өткен қазақ күресінен Азия чемпионатында 100 кг жоғары салмақ дәрежесінде чемпион атанса, Қызылорда қаласында өткен қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында 100 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдегер және чемпионаттың түйе палуандар сайысында күміс жүлдені иеленді.
Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Әлем Барысы» – 2019 халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды.          
Қазіргі таңда Мақсат Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің қазақ күресі бөлімінде жаттығуда, жаттықтырушылары «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы» Әділбек Серікбаев және Болат Кенеев.
18 ақпан 2020 ж. 92 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031