» » Тексеру нәтижесінде мемлекеттік лицензиясыз қызмет көрсеткен 3 жеке медициналық ұйым қызметі анықталды

Тексеру нәтижесінде мемлекеттік лицензиясыз қызмет көрсеткен 3 жеке медициналық ұйым қызметі анықталды

  Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті қызметтік бағыттарының бірі - облыстық және қалалық медициналық ұйымдармен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және бағалау болып табылады.
Осы бағытта 2019 жылы медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша Департаментке 138 өтініш келіп түсті, оның 68 қаралып, 87 объектітексерілді.Жүргізілген жоспардан тыс тексерулердің қорытындысымен өтініштердің 51% негізделген болып танылды, яғни сапасыз медициналық қызмет көрсету фактілері нақтыланған.
Келіп түскен өтініштердің басым бөлігі Қазалыжәне Жаңақорған аудандық ауруханаларына қатысты. Атап айтқанда,
пациенттің жай-күйін жете бағаламау
кеш диагностикалау,
науқасты ауруханаға кеш жатқызу,
диагностика мен емдеу хаттамаларының сақталмауы
жоғары деңгейдегі стационарға дұрыс тасымалдамау сияқты кемшіліктердіңорын алғандығы анықталды.
Бұдан бөлек, 2019 жылы Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен профилактикалық бақылау жүргізудің бекітілген жоспарына сәйкес 20 медициналық мекеме тексерумен қамтылды. Олардың ішінде мемлекеттік мекеме-16, жеке мекеме-4. Тексеру нәтижесімен барлығына ұйғарым берілді.
2019 жылы жүргізілген тексерулердің нәтижесінде Департамент әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 27 хаттама толтырып,айыппұл салды. Медицина қызметкерлерінің іс-әрекетінқұқықтық бағалау және процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына 30 материал жіберілді.Нәтижесінде лицензиясыз жұмыс жасап келген 3 жеке медициналық ұйым қызметі сот тәртібімен тоқтатылды.
Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті медициналық көмек алу кезінде жеке медициналық клиникалардың мемлекеттік лицензиясының бар-жоқтығына міндетті түрде назар аударуға кеңес береді.
Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті
18 ақпан 2020 ж. 106 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930