» » Атышулы ломбард жетекшісі ұсталды - полиция ақпарат берді

Атышулы ломбард жетекшісі ұсталды - полиция ақпарат берді

  Қазақстандық құқық қорғау органының қызметкерлері “Гарант-24” ЖШС жетекшісі Аслан Мұрзабековтың қайда жасырынғанын анықтады
Гарант-24” және “Выгодный займ” компанияларының жетекшілері ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстандық құқық қорғау органының қызметкерлері “Гарант-24” ЖШС жетекшісі Аслан Мұрзабековтың қайда жасырынғанын анықтады.
Ол 21 қаңтар күні Ақтөбеден Орынборға барған. Кейін Мәскеуге кетті. Мәскеуден Кишинев қаласына аттанған.
Қазақстандық тараптың арнайы сұрауы бойынша молдавиялық полиция Мұрзабековты ұстады.
Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. Тиісті материалдар Молдованың құзырлы органдарына жіберіледі.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей шекарасында “Выгодный займ” ЖШС құрылтайшысы Жанболат Есіркепов ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.
Бұл іске қатысты барлығы 16 адам ұсталды. Тоғыз жетекшісі әлі іздестірілуде.
Еске сала кетсек, азаматтардың шағымы бойынша “Гарант 24 Ломбард”, “ESTATE Ломбард” және “Выгодный займға” қатысты алаяқтық және қаржы пирамидасын құру фактісі бойынша 22 қылмыстық іс тергеліп жатыр.



© Sputnik.kz



29 ақпан 2020 ж. 97 0

PDF нұсқалар мұрағаты

27-356

11 шілде 2020 ж.

26-355

02 шілде 2020 ж.

25-354

25 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031