» » Маман наурыз айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

Маман наурыз айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

  Маман көктемнің алғашқы айына болжам жасап, қай күндер сәтті болатынын және қай уақытқа жоспар құрмаған жөн екенін айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Қазақстандық астролог Ирина Абдраимова наурыз айына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Құпия істер уақыты

Астрологтың болжамынша, наурыз айының басы – жалтақтық, сақтық және құпия істер уақыты. Бұл айда саяси авантюралар, әжептәуір эмоциналды құпия махаббат болуы мүмкін. "2 мен 3 наурызда көп адам жабырқап, көңіл-күйі түседі. Сүйіктісінің немесе жақын адамының қамқорлығына мұқтаж болады, өкпе-назы артып, ешкімнің көзіне түспей, тек телефон немесе интернет арқылы сөйлесуді қалайды. Ал 5 мен 8 наурыз аралығында белсенділік танытқысы келсе де, оңаша отырып қиялдап, арманға берілуі мүмкін",- дейді Абдраимова.

Сонымен қатар, бұл кезең шығармашылық бастамалар мен сүйікті іспен айналысу үшін таптырмас уақыт.

Маман 7, 8, 9 наурыз күндері арам ойлардан, ақшамен байланысты күмәнді мәмілелерден аулақ болуға кеңес берді. Бұдан бөлек, қарызға ақша беруге, кредит алуға да сәтсіз кезең. Алайда, егер қаржылай істерге саналы түрде келсе, онда күтпеген кіріс немесе жалақыға үстемақы алып қалуы әбден мүмкін. "Әйелдер мерекесіне қарамастан, қосымша ақша мен табыс әйел арқылы келуі мүмкін. Мәселен, бастығыңыз әйел болса, жоспардан тыс сыйақы таратуы мүмкін. Бұл күндері өз қолыңызбен жасаған дүние үшін де жақсы гонорар күтіңіз. Сондай-ақ, сыйлықтар, күтпеген кездесулер күтіп тұр. Тіпті бір көргеннен ғашық болып қалуыңыз да ықтимал",- деп болжады ол.
01 наурыз 2020 ж. 35 0

PDF нұсқалар мұрағаты

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

10-339

14 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031