» » Тоқтар Серіков халықтың қазіргі жағдайын айтып жылап жіберді

Тоқтар Серіков халықтың қазіргі жағдайын айтып жылап жіберді

  Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Тоқтар Серіков халықтың қазіргі жағдайы жайлы жан сырын ақтарып, жылап жіберді. Әнші бүгінгі қоғамда неге көңілі толмайтыны мен қандай жайттар жүрегін ауыртатынын ашық айтты. Өнер иесі бар ойын ортаға салып, аса әсерлі сұхбат берді деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сілтеме жасап.
Тоқтар Серіков қазіргі қоғамның енжар әрі қорқақ болып бара жатқанын айтып, өзі күйінетін бірқатар мәселелерді атап өтті. Өнер иесі халықтың жағдайы туралы сөз қозғап, көз жасына ерік берді.
«Біздің қазір осындай енжар әрі қорқақ болып бара жатқанымызға таңғаламын. Жүрегім аузыма оралады менің. Көріп тұрған нәрсеге жете алмайтындығымыз, басқа ұлттың өкілі келіп бізге үкім айтып тұрғанда, басымызды сүмірейтіп қарап тұратынымыз, өзіміздің тілімізде сөйлей алмайтындығымыз, қарындастарымыздың кім көрінгенге жеп болып, ит болып тапталып жатқанын көргенде үндей алмайтындығымыз менің жүрегімді ауыртады.
Бізді соншама не байлап ұстап тұр? Соншама сорлы болатын ел емес едік қой. Сонша бізді құртып тұрған не нәрсе? Осы нәрсеге миым жетпей қойды. Бір ақылсымақ, данагөйлер бар. Шығып алып, халыққа өзінше болып ақыл айтып, кеңес айтып, сабырға шақырған түрлері ғой. Бір азаматтар бар, аттарын атамай-ақ қояйын. Шеттерінен ақылшы бәрі. Соның жүрегі сезбей ме? Сезіп тұр ғой. Көзі көрмей ме? Көріп тұр ғой біздің елде не болып жатқанын. Осы нәрсені көріп тұрып, өтірік батыр болатындарына жүрегім ауырады», — деді Серіков.
02 наурыз 2020 ж. 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

10-339

14 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031