» » Қызылорда базарындағы дүңгіршектер өртенді

Қызылорда базарындағы дүңгіршектер өртенді

  Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы «Айтбек» және «Отырар» сауда орталықтарының жанында орналасқан бірнеше дүңгіршек отқа оранды.

Бұл дүңгіршекте тез дайындалатын тағамдар мен жемістер сатылған және нан қоймасы болған.
«112» нөміріне хабарлама түскен бойда өрт сөндірушілер шұғыл әрекет етіп, дүңгіршек жанындағы қос сауда орталығын қызыл жалыннан аман алып қалды. Тілсіз жауды ауыздықтауға 30 құтқарушы мен 9 техника жұмылдырылған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда. 
«Өрт сынақ зертханалары қазіргі таңда жұмыс жасауда қызметкерлері. Алдын ала электр сымдарының қысқаша тұйықталуы деп ойлап отырмыз. Мамандардың қорытындыларымен нақты ақпарат берілетін болады», – дейді авариялық құтқару жұмыстары және өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары Әбділда Баякеев. 
03 наурыз 2020 ж. 74 0

PDF нұсқалар мұрағаты

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

10-339

14 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031