» » Қазақстандық ғалым күтпеген мәлімдеме жасады

Қазақстандық ғалым күтпеген мәлімдеме жасады

  Профессор Рахман Алшанов күтпеген мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Жер бетіндегі тіршілік Тұран даласында пайда болған, - деп хабарлайды 24.kz.
Профессор "Авеста" кітабын зерттей келе, жердегі тіршілік атаулы Тұраннан тараған деген тоқтамға келгенін айтады.
Рахман Алшановтың сөзінше, "Авеста" - діни кітап қана емес, апат тарихы хронологиялық тәртіппен жазылған ғылыми еңбек. Сондықтан осы еңбекті негізге ала отырып, "Жиырмасыншы мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар" атты өз еңбегін жарыққа шығарды.
"4, 5, 6 мың жыл бұрын болған оқиға "Авестада" жазылған екен. Соның барлығы біздің жерде болған. "Авестаны" жазған адамның өзі Орал теңізінің жағасында өскен, яғни солтүстік Тұранда туып-өскен", - дейді Рахман Алшанов. 
Оның айтуынша, Жер планетасына құлаған алғашқы астероидтардың іздері Қазақстан аумағынан табылған. Ғалымдар төрт бірдей ірі кратерді анықтапты. Олар Ақтөбе түбінде, Балқаш көлі мен Арал теңізі маңынан анықталған.



04 наурыз 2020 ж. 37 0

PDF нұсқалар мұрағаты

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

10-339

14 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031