» » Қазақтың шапанын киген Сайрагүл Сауытбай АҚШ-тың бірінші ханымының қолынан марапат алды (видео)

Қазақтың шапанын киген Сайрагүл Сауытбай АҚШ-тың бірінші ханымының қолынан марапат алды (видео)

  Халықаралық батыл әйелдер сыйлығын Сайрагүл Сауытбайға АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамптың қолынан алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Бұл туралы Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі жариялады. 
Биылғы жылдың 4 наурызында АҚШ мемлекеттік департаменті халықаралық батыл әйелдер сыйлығын Сайрагүл Сауытбайға тапсырды. Ол - бала-шағасымен қауышу үшін өз өмірін қауіпке тігіп, Қытай шекарасын асып қашқан Шыңжан қазағы.
"Босқындардың пана мен әділдік жолында қалай күресе алатындарын өз мысалымен көрсеткені үшін АҚШ Мемлекеттік департаментінің Халықаралық батыл әйелдер сыйлығына ие болған Сайрагүл Сауытбайды біз мақтан етеміз", - делінген елшіліктің Facebook-тегі парақшасында. 
 
05 наурыз 2020 ж. 41 0

PDF нұсқалар мұрағаты

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

10-339

14 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031