» » "Шоқындым" Ерболат Беделханның әйелі христиан дінін ұстанғанын мойындады

"Шоқындым" Ерболат Беделханның әйелі христиан дінін ұстанғанын мойындады

  Отандық танымал продюсер Ерболат Беделханның жары ел күтпеген мәлімдеме жасап, көпшілікті таңғалдырды. "Дауыс Intеrnational" тобының бұрынғы мүшесі Асыл Айдар кезінде шоқынып, христиан дінін қабылдағанын мойындады. 90 жылдары ата-анасы ажырасып, басынан ауыр кезеңді өткерген өнер иесі жұбатуды шіркеуден тапқанын да жасырмай айты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
­
Instagram парақшасында естеліктер жазуды әдетке айналдырып алған Асыл Айдар кезекті жазбасында алғаш рет өзінің мұсылман емес екенін жайып салды. Ол ата-анасының ажырасуы оған аса ауыр тигенін алға тартып, анасы екеуі шіркеудің арқасында күйзелістен шыққанын айтты.
­
"Қарағандыда біз үш қыз болып өстік. Махаббат пен шаттыққа бөленіп жүрдік. Алайда, мен анамның жалғыздық күйін кешіп жүргенін түсіндім. 1991 жылдары ажырасу деген үкім іспетті қабылданған еді. Ажырасу бұрыс әрі ұят нәрсе болған. Көпшілік, оның ішінде туысқандар да ажырасқандардан теріс айналып кететін. Құрбылар тіптен, бір мезетте жоқ болып кетуге бейім.
Тоғыз жасымда мен үшін әке сөзінің мәні кетіп қалды. Мен оны тек маған ұқсайтын адам ретінде ғана қабылдадым. Сонымен қатар, түсімде жиі көре бастадам. Нәтижесінде біз Сатпаевтан Қарағандыға көшіп кеттік. Сол кездегі анамның мөлдіреген көздерін ешқашан ұмытпаймын. Ол бізді өзінің ақкөңілділігі мен қамқорлығына бөлеп, барлығының орнын басты. Оған оңай болған жоқ.
­
Алайда, жоғарғы күштер әрдайым көмекке келетінін ұмытпаңыз. Бір күні анам жүрегіндегі жараны, жалғыздық пен қорқынышты жоқ қылу үшін көшеде серуендеп жүріп, үлкен шіркеуді көріп қалды. Оның сөзінше, ол жерде бәрі бір-бірін құшақтап, күлімсіреп жүрген. Кейіннен анам өзін сол жерден тауып, оның артынан ілесіп біз де бардық. Негізі, маған ол жерде бәрі ұнады.
Шіркеудегі билер, әндер мен құлшылық ету мүлдем басқаша әсер қалдырады. Кейін мен сол шіркеуде шоқындым. Бұл өз алдына тағы бір сынақ болған. Біз бұл жөнінде ешкіге айта алмадық. Алайда, дайындықтардың бір кезінде Ерболаттың достарының бірі менің христиан дінінің өкілі екенімді біліп, маған қоқан-лоққы көрсете бастады. Ол Ерболатқа бар шындықты айтып бермек болып қорқытты. "Ол білген бойда сені қуып шығады. Себебі, ол діндар адам, бес уақыт намаз оқитын адам.
Оған мұндай қыздар мүлдем ұнамайды" деді ол маған" , - деп жазған Асыл Айдар.
­
Естелігімен бөліскен продюсер бұл жайтқа қарамастан, Ерболат Беделханмен қарым-қатынасын сақтап қала алмағанын айтты.
­
Алайда, бүгінгі күні Асыл Айдар ешбір дінге жатпайтынын мәлімдеп, өзін еркін адам санайтынын айтты.
05 наурыз 2020 ж. 323 0

PDF нұсқалар мұрағаты

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

10-339

14 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031