» » Абай мұрасы – халық ұлағаты

Абай мұрасы – халық ұлағаты

   
Қармақшы аудандық Көшеней Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінде ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты аудандық көркемсөз оқу байқауы өтті.
Байқау 3 кезеңді қамтыды. «Білімдіден шыққан сөз...» атты алғашқы кезеңде Абай шығармаларын жатқа оқу, «Әсем әнмен жыр тербеп...» атты екінші кезеңде Абайдың әндері мен күйлерін, Абай шығармаларын Сыр мақамдарына салып орындау, «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты үшінші кезеңде жас ақындардың Абайға арналған төл туындысын оқыды.
Байқауға кент орталығынан, елді-мекендерде орналасқан мектептерден 77 талапкер қатысты. Алғашқы кезең бойынша Іңкар Бижан І орын иеленсе, Мерей Алдамжарова мен Нұрби Кеңесбаева ІІ орын, Қуаныш Тасбергенов ІІІ орынмен марапатталды. Ал екінші кезең бойынша Айбол Оралбекұлы І орынмен, Айдана Амантай ІІ орын, Диас Төлегенов ІІІ орынмен марапатталды.
Үшінші кезең бойынша І орын Ақерке Бекбергеноваға, ІІ орын Еркебұлан Серіковке, ІІІ орын Жанель Тоқтарға бұйырды. Байқауға қатысқан барлық талапкерлерге аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің арнайы алғыс хаты табысталды.
Айғаным ҚҰРМАШЕВА,
ҚМУ-дың ІV курс студенті
03 наурыз 2020 ж. 21 0

PDF нұсқалар мұрағаты

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

10-339

14 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031