» » Челахтың өлгені туралы қауесет тарады

Челахтың өлгені туралы қауесет тарады

  Өмір бойы бас бостандығынан айрылған Владислав Челах өзіне қол жұмсады деген қауесет тараған болатын. Бұл туралы "КАРАВАН" жазды. 
Басылымның хабарлауынша, Челах журналистермен сөйлесуден бас тартқан. Бірақ бірнеше рет өтініш жасағаннан соң келіскен.
Камерада журналист бойы екі метрге шамалайтын жігітті көреді. Сот кезінде оның дене тұрқы мүлдем басқа болған.
Қысқаша сөйлескеннен кейін Владислав сөздерінің БАҚ-та тарауына қарсы болған. Ал колония қызметкерлері Владиславпен түскен фотолардың барлығын өшіріп тастатады. 
Содан соң журналистер Челахтың анасы Светлана Ващенкоға хабарласқан. Ол күйеуі және балаларымен Ресейдің Калининград облысына көшіп кеткен.
Влад бізге ештеңе айтпайды. Тек ешкімді өлтірмегенін айтады. Ал кімнің қатысы болуы мүмкін екенін де айтпайды. Үн шығармайды. Кездесу кезінде де бұл туралы айтуға рұқсат бермейді. Барлық әңгімеміз отбасы және туысқандар туралы болады. Артық сұрақ қоюға болмайды, - деді анасы Светлана Ващенко.
"Арқанкерген" шекара бекетінде 2012 жылы мамыр айының соңында қайғылы оқиға болды. Ол жерде 15 адам шекара қызметін атқанған. Кейін 14 адамның мәйіті табылды.
Сондай-ақ, жақын жерде орналасқан аңшы үйінен қорықшының мәйіті табылды. Бірнеше күннен кейін тірі қалған жалғыз шекарашы – 19 жастағы қатардағы Челах ұсталды. Басында ол әріптестері мен қорықшыны өлтіргенін мойындады. Кейін ол мұны қысым көрсетілген соң мойындағанын айтты. 2012 жылдың 11 желтоқсанында қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған әскери сот Челахқа өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

06 наурыз 2020 ж. 34 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930