» » 5 ай бұрын жоғалған оқушы табылды

5 ай бұрын жоғалған оқушы табылды

  Өткен жылдың қазан айында жоғалып кеткен мектеп-интернаттың тәрбиеленушісі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өткен жылы Түлкібас АПБ кезекші бөліміне аудандық мектеп-интернаттың бір меңгерушісі олардың тәрбиесіндегі оқушы қыз із-түзсіз жоғалғаны туралы арызданады. Арызданушының айтуынша, кешкі уақыт шамасында 14 жасар оқушы қыз интернаттан қашып кетіп, содан қайтып келмеген. «Осы айлар аралығында Түлкібас АПБ-нің полицейлері жоғалып кеткен кәмелетке толмаған қызды іздестіруді тоқтатпады. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде түлкібастық полицейлер қызды бес ай өткен соң, Шымкент қаласынан тауып, ата-анасына дін-аман тапсырды. Бүгінгі күні оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ. 14 жасар қыз осы уақыт аралығында Шымкент қаласында жүріп, жұмыс істегенін мойындады. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықтауда», - делінген хабарламада.

06 наурыз 2020 ж. 27 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930