» » Ұлыбританияда денсаулық сақтау министрінің орынбасары коронавирус жұқтырды

Ұлыбританияда денсаулық сақтау министрінің орынбасары коронавирус жұқтырды

  Бұқаралық ақпарат құралдарының ақпаратына сәйкес, Доррис бейсенбі күні премьердің қабылдауына барған. Келесі күні өзін жайсыз сезінді
 Ұлыбританияда денсаулық сақтау министрінің науқастардың қауіпсіздігі мәселесі жөніндегі орынбасары Надин Доррис коронавирус жұқтырғанын жариялады.
"Менің коронавирусқа тапсырған сынамаларым вирус жұқтырғанымды растады. Мұны естіген соң бірден шара қолдандым. Қазір үйдемін", - деді Доррис.
Ол коронавирус жұқтырған Ұлыбританиядағы алғашқы парламентарий. Дорристің айтуынша, Англияның қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы министр орынбасарының соңғы уақытта кіммен араласқанын жіті зерттей бастады, деп хабарлайды РИА Новости.  
Доррис қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы мен Ұлттық денсаулық сақтау қызметіне "көмек пен кеңес" бергені үшін алғыс білдірді. 
Бұқаралық ақпарат құралдарының ақпаратына сәйкес, Доррис бейсенбі күні британия премьерінің қабылдауына барған. Келесі күні өзін жайсыз сезінді. Ұлыбританияда коронавирусқа шалдыққандар саны бір тәулікте 54 адамға артты. Барлығы 373 адам, алты адам көз жұмды. 







11 наурыз 2020 ж. 34 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930