» » Елжан Біртанов Бас санитардың коронавирус туралы болжамына түсінік берді

Елжан Біртанов Бас санитардың коронавирус туралы болжамына түсінік берді

  Kyzylorda-news.kz. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясының келуі туралы болжамдарға пікір білдірді.
«Құрметті достар! Әлем бойынша коронавирус инфекциясы 115 елге таралды. Олардың арасында бізге көршілес мемлекеттер және тікелей әуе қатынастарын орнатқан елдер де бар. Сонымен бірге, бәріміз сыртқы әлемнен толық оқшауланудың мүмкін еместігін түсінеміз. Еліміздің аумағына инфекцияның енуі ықтимал екенін де жоққа шығармаймыз», – деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.
Алайда, ҚР Үкіметі коронавирус инфекциясын елге кіргізбеу мен таратпау үшін айрықша шаралар қабылдауда.
«Бүгінгі таңда Қазақстанда аурудың расталған бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ! ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж.М.Бекшиннің коронавирус инфекциясының келуі туралы болжамы – біздің ғалымдардың статистикалық модельдеу арқылы жасаған болжамы ғана.Бастапқы деректер ретінде әлемнің түрлі елдерінде жолаушылар тасымалы мен коронавирус инфекциясының таралу көлемі алынды. Түрлі сыртқы факторларды ескере отырып, деректердің үнемі өзгеріп отыратындығын атап өткен жөн. Мәселен, беделді Ланцет журналында коронавирустың Қытайдан әлемдік мегаполистерге таралуы туралы ұқсас болжам жасалды», – дейді Е. Біртанов.
Сонымен бірге, министр біздің ғалымдар ұсынған сценарийдің іске аспауы да мүмкін екенін ескертті.
«Тағы да мәлімдеймін, Қазақстанда бүгінгі күнге дейін коронавирустық инфекция расталған жоқ», – деді Елжан Біртанов.
11 наурыз 2020 ж. 55 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930