» » Қалқабай Әбенов атындағы жас журналистер байқауы өтеді

Қалқабай Әбенов атындағы жас журналистер байқауы өтеді

  «Сыр бойы» газетінің 90 жылдығы аясында жас журналистер арасында Қалқабай Әбенов атындағы «Тоқсан жылдың толғауы» атты байқау жарияланады.

Жалпы ереже
1. Байқау облыстық деңгейде ұйымдастырылады.
2. Байқаудың үйлестірушісі және ұйымдастырушысы «Сыр медиа» ЖШС.
Байқаудың мақсаты:
3. Жас журналистер шығармашылығының дамуына қолдау көрсету.
4. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту.
Байқауды ұйымдастыру және оған қатысушыларға қойылатын талаптар:
5. Байқауды ұйымдастырып, өткізу мақсатында «Сыр медиа» ЖШС жанынан Ұйымдастыру комиссиясы құрылады.
6. Байқауға облыстық «Сыр бойы» газетінің қоғамдағы ролі, ғасырға жуық уақытта өңірдің рухани-мәдени дамуына қосқан үлесі, онда көтерілген маңызды мәселелер, талдау, зерттеу тұрғысындағы еңбектер, жалпы, басылымның ұстанған бағыты мен жетістіктері туралы да тақырыптар жіберіледі. Сондай-ақ, басылымда еңбек еткен қаламгерлер туралы тың деректер негізінде жазылған дүниелер қабылданады.
7. Байқауға бұрын-соңды жарияланбаған материалдар жіберіледі.
8. Байқауға жасы 35-ке дейінгі бұқаралық ақ­парат құралдарында жұ­ істейтін тілшілер мен тәуелсіз қаламгерлер қатыса алады.
9. Байқау материалдары тиісті баспа және ақпарат құралдары жетекшілерінің ұсынысы бойынша қабылданады.
10. Байқауға әрбір қаты­сушы 2 не 3 материалын әрқайсысы 3 парақтан аспайтын көлемде ұсына алады. А-4 форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 мөлшерде, 1,0 аралықта терілуі керек. Байқау материалдарын сараптау барысында тақырыптың өзектілігі және маңызы, мазмұнның ашылу тереңдігі, шынайылығы, жанрлық шарттарға сәйкестігі, жаңа әдістерді қолданысқа енгізе білуі, тілі және стилінің ұғынықтылығы, зерттеу әдістерін енгізе білу ерекшелігі, ұтымды қолдана білуі есепке алынады.
11. Байқауға қатысушылар Ұйымдастыру комиссиясына (Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, 4 А, байланыс телефоны: 8 (7242) 40-02-17, мынадай құжаттарды қоса жібереді.
1) Төмендегі деректер көрсетілген өтініш: автор туралы мағлұматтар/туған жері, күні, айы, жылы;
- жұмыс немесе оқу орны, қызметі, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс құралдары және 3х4 суреті.
2) байқау материалының қағаз нұсқасы.
12. Байқауға жіберілген материалдар авторларға қайтарылмайды.
13. Байқауға ұсынылған материалдарды қазылар алқасы бағалайды.
Байқауды өткізу және қорытындысын шығару тәртібі:
14. Байқау үш кезеңнен тұрады.
1) 2020 жылғы 5 қаңтардан бастап байқауға қатысушылардан материалдарды қабылдау;
2) 2020 жылғы 10-18 наурыз аралығында материалдарды сараптау және жеңімпаздарды анықтау;
3) 2020 жылғы 20 наурызда байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі.
15. Байқау жеңімпаздары Қалқабай Әбеновтің ұрпақтары атынан арнайы сыйлықтармен марапатталады.
Ұйымдастыру комиссиясы.
11 наурыз 2020 ж. 37 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930