» » БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАР

БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАР

     Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжінің «Экономикалық-техникалық және арнайы пәндер» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Сапалы ұрпақ-жарқын болашақ» атты кездесу өтті. Апталық аясында ұлы ақын А.Құнанбайұлының 175 жылдығына орай қаламыздағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының арасында «Білімді мыңды жығар» атты интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылады. Бұл сайысқа қаламыздағы бірнеше колледждің білім алушылары қатысып, бақ сынады.
Білім алушылар сайысқа жақсы дайындықпен келген. Сайыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Сайысқа әділ бағасын беруге арнайы қазылар құрамы жасақталды.
Сайыс жоғары деңгейде өткізілді. Нәтижесінде І дәрежелі дипломмен көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі студенттері,
ІІ дәрежелі дипломмен «Болашақ» университеті жоғары колледжі білім алушылары, ІІІ дәрежелі дипломмен «Текей батыр Қарпықұлы» атындағы колледждің білім алушылары марапатталды. Білім алушылар жақсы әсер алды. 
Г.Әбдікаримова,
Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжінің
арнайы пән оқытушысы
12 наурыз 2020 ж. 171 0

PDF нұсқалар мұрағаты

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

10-339

14 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031