» » Қазақстан азаматы Германияда коронавирус жұқтырды

Қазақстан азаматы Германияда коронавирус жұқтырды

   
Германияда Қазақстан азаматы коронавирустың жаңа түрін жұқтырды, оның отбасы карантинге жатқызылды,- деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
«Германиядағы Қазақстан Елшілігіндегі дипломаттарымыздың біріне ата-анасының қонаққа барғанын растаймыз. Олар Еуропада жеке сапармен жүрген. Бірнеше күннен кейін дипломаттың әкесінен коронавирус жұқтыру белгілері байқалып, ауруханаға жатқызылды», – деді ол.
Баспасөз хатшысының айтуынша, қазіргі уақытта науқастың жағдайы жақсарып, жеке палатадан жалпы палатаға ауыстырылды. Оның әйелі мен ұлы неміс дәрігерлерінің бақылауында карантинге жатқызылды.
Бұған дейін, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырған Қазақстанның екі азаматы Германиядан келгенін мәлім етті. Сондай-ақ, коронавирус жұқтырған үшінші адам елордада тіркелді. Науқас Милан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына 12 наурыз күні келген.
13 наурыз 2020 ж. 389 0

PDF нұсқалар мұрағаты

26-355

02 шілде 2020 ж.

25-354

25 маусым 2020 ж.

24-353

18 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031