» » Коронавирусты алғаш жұқтырған алматылықпен бірге 41 қазақстандық ұшып келді

Коронавирусты алғаш жұқтырған алматылықпен бірге 41 қазақстандық ұшып келді

 
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Германиядан келген ұшақ бортында болғандардың бәрі қазақстандық емес екенін айтты.
«Германиядан келген бортта 73 адам болған. Олардың бәрі жалпы терминалдан өтті. Олардың 41-і –Қазақстан азаматы. Басқалары Германия, Қырғызстан азаматтары», – деді ол.
Денсаулық сақтау министрлігі қазір бортта болған барлық азаматтарды іздеп жатыр. Себебі, ол кезде Германия қауіп бойынша бірінші категориядағы мемлекет деп жарияланбағандықтан, азаматтар үйлеріне қайтарылған болатын.
Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырған Қазақстанның екі азаматы Германиядан келгенін айтқан болатын.

13 наурыз 2020 ж. 366 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930