» » 2-3 айдың ішінде инфекция тоқтайды

2-3 айдың ішінде инфекция тоқтайды

   
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов әлем елдерінде 2-3 айдың ішінде инфекция тоқтайтынын айтты.
«Жұқпалы ауру адамнан адамға жұғады. Біздің негізгі мақсатымыз – осы инфекцияны тоқтатып, оның таралуына жол бермеу. Әрине, жауапкершілік өте маңызды, жағдайды барлығымыз дұрыс түсінуіміз керек. Үнемі қорқып, тығылып үйде отыру деген дұрыс емес, бірақ сақтану шараларын ұстану керек. Гигиеналық талаптарды сақтау қажет», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Осы орайда Е. Біртанов инфекцияның таралуының алдын алу үшін БАҚ-та түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуді сұрады.
«Сіздерге менің өтінішім бар, бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндігін пайдаланып, азаматтарға түсіндіру шараларын жүргізу керек. Басқа мемлекеттерде де 2-3 айдың ішінде мәселе шешіледі, инфекция тоқтайды. Сондықтан жағдайды түсініп, гигиенаға мән берген дұрыс», – деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған үшінші адам Миланнан келгенін айтты. Министр коронавирус инфекциясын жұқтырған Қазақстанның екі азаматы Германиядан келгенін мәлім етті.
13 наурыз 2020 ж. 306 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930