» » "Өнер барысы": Кім жеңді?

"Өнер барысы": Кім жеңді?


   
Бүгін сол жағалаудағы облыстық "Жастар ресурстық орталығында" "Өнер барысы" жарысы ұйымдастырылды. Айтулы доданың демеушілері – "Мағжан и К" ЖШС және қаладағы "BIALI" спорттық киімдер дүкені.
Татамиде өткен додада бірде-бір кәсіпқой спортшы қатысқан жоқ. Бозкілемде тұңғыш рет аймақтағы білім, мәдениет, өнер саласында жүрген 21 жас белдесіп, бағы мен бабын қатар сынап көрді. Айта кетейік, додаға Ақылбек Скендіров, Құттыбай Сағындықов, Асылхан Дүкенбаев секілді жайдарманшылар, өнер әлемінде өзгеше өрнек салып жүрген әнші Бекзат Молдабергенов, Олжас Нұрәлиев және тағы да басқа өнерпаздар қатысты.



Нәтижесінде 75-келіге дейінгі салмақта Асылхан Дүкенбаев І орынды иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Ал Бекзат Молдабергенов ІІ орынға қол жеткізсе, Әлішер Әбдіраманов ІІІ орынға табан тіреді.
Жарыстың екінші бөлігінде 75 кг-нан жоғары салмақта өнер көрсеткен Ақылбек Скендіров қарсылас шақ келтірмей, турнир жеңімпазы атанды.  Ал бұл бәсекеде ІІ орын Нұрперзент Болатқа, ІІІ орын Олжас Балтақожаға бұйырды. Жеңімпаздарға арнайы белбеу мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Ақтілек БІТІМБАЙ
13 наурыз 2020 ж. 58 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930