» » 1 тәулікте 11 адам коронавирус жұқтырды

1 тәулікте 11 адам коронавирус жұқтырды

 
    Ресейде коронавирус инфекциясының таралуымен күрес бойынша жедел штабы бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 11 дерегі анықталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости.
«Соңғы тәулікте Ресейде Федерация азаматтарының коронавирус инфекциясын жұқтырудың 11 дерегі тіркелді: бесеуі – Мәскеуде, біреуі – Мәскеу облысында, үшеуі – Санкт-Петербургте, біреуі – Ленинград облысында, біреуі – Пермь өлкесінде», – делінген хабарламада.
Эпидемиологиялық тергеу мәліметінше, азаматтар соңғы екі аптада коронавирус инфекциясы таралған елдерге барған: Италия, Франция, Австрия. Бір жағдай бұрын ауырғандармен белсенді байланыста болғанымен байланысты.
Азаматтар инфекциялық бокстерге орналастырылған.
Көрші елде жалпы 45 адам инфекция жұқтырған.
Қазіргі уақытта төрт қазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны белгілі. Екеуі Алматыда ауруханаға жатқызылған, олар Германиядан 9 және 12 наурыз күндері келген. Бір науқас 12 наурызда Италиядан келген. Тағы бір қазақстандық Германияда ауруханаға жатқызылған.
"Айқын"ақпарат
13 наурыз 2020 ж. 672 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930