» » ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай «Нұр Отан» партиясы  Қызылорда қалалық филиалы ғимаратының мәжіліс залында Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді. Аталмыш отырысқа департаменттің Ардагерлер кеңесінің және осы Қоғамдық кеңестің төрағасы Тұңғышбай Ботабаев, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы қоғамдық қабылдау меңгерушісі Мақсұт Баекеев, Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қызылорда филиалының жетекшісі Талғат Телеубаев, Қызылорда кәсіпкерлік ассоциациясының атқарушы директоры Мырзағали Ермаханов, «Сыр дидары» газетінің бас редакторы Сәкен Алдашбаев,  «Сыр дидары» газетінің құрылтайшысы Ағыбай Орынбаев, Қызылорда облысы ТЖД Кадр жұмысы бөлімі бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Марат Қобландиев, «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің Кадр жұмысы тобының бас инспекторы Сара Жақанова қатысты.
    Кеңес отырысын Қоғамдық кеңестің төрағасы Тұңғышбай Ботабаев алғы сөзбен ашты.  Одан соң Кадр жұмысы бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Марат Қобландиев  «Департаменттегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада: «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында Департаментте іс-шаралар өткізу жалғасын табуда. Департаменттің және оған бағынысты мекемелердің жеке құрамына тұрақты түрде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша заңдылықтарды оқыту, Төтенше жағдайлар департаментінің ардагерлері, прокуратура, салық органы, Мемлекеттік қызмет істері бойынша департаменті, «Нұр Отан» партиясының, кәсіпкерлер және қоғамдық институт өкілдерінің қатыстырылуымен «дөңгелек үстелдер» ұдайы ұйымдастырылуда....» ,-деді.
    Сонымен бірге «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің Кадр жұмысы тобының бас инспекторы Сара Жақановаға сөз кезегі беріліп, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөнінде жұмыстарға тоқталды.
    Мұнан соң Қызылорда кәсіпкерлік ассоциациясының атқарушы директоры Мырзағали Ермаханов  баяндамашыларға сұрақтар қойып, алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытында жұмысты жалғастыру  туралы  өз пікірін білдірді.
    Қоғамдық кеңес отырысына жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері де шақырылды.
    Айгүл НҰРМАНОВА,
    Қызылорда облысы ТЖД
    Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
17 желтоқсан 2017 ж. 631 0

PDF нұсқалар мұрағаты

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

10-339

14 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031