» » Төтенше жағдай: Қазақстанға кіріп-шығу қалай шектелетіні белгілі болды

Төтенше жағдай: Қазақстанға кіріп-шығу қалай шектелетіні белгілі болды

  Қазақстан шекара маңындағы аумақтарда тұратын тұрғындарды Ресеймен шекара арқылы өткізуді тоқтата тұрады
НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз — Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі төтенше жағдай енгізілуіне байланысты ел азаматтары мен шетелдіктерге мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде қандай шектеулер енгізілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"2020 жылдың 16 наурызы сағат 08.00-ден бастап төтенше жағдай енгізілуіне байланысты оның қолданылу кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктердің мемлекеттік шекара арқылы кіруіне - шығуына шектеу енгізіледі", - деп жазылған сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Төмендегі жағдайлардан басқа:
  • бұрын шет мемлекеттің аумағына шыққан және Қазақстан Республикасына қайтып келетін Қазақстан Республикасының азаматтары; 
  • денсаулық сақтау мекемелерінің растайтын құжаттарын ұсынып, шетелге емделуге шығатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
  • осыған дейін Қазақстан Республикасының аумағына кірген және елден шығатын шетелдіктер;
  • еліміздің және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызмет персоналы және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстанға келетін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелері;
  • пойыз және локомотив бригадаларының, әуе және теңіз кемелері экипаждарының мүшелері; 
  • Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін персонал және шектес мемлекеттердің аумағындағы қазақстандық трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін персонал; 
  • шектеулерді енгізгенге дейін (2020 жылғы 16 наурыз сағат 08.00-ге дейін) жолға шыққан және транзиттік жолаушылар пойызымен жолда келе жатқан шетелдіктер; 
  • Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаттары бар шетелдіктер (азаматтығы жоқ тұлғалар); 
  • Қазақстан Республикасы азаматының отбасы мүшесі болып табылатын шет ел азаматы (туыстық байланыс фактісі расталған жағдайда – жұбайы (зайыбы), олардың ата-аналары мен балалары). 
Тараптар азаматтарына шұғыл медициналық көмек көрсету үшін жүгінген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ресей Федерациясының үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге сәйкес жұмыс істейтін Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасындағы өткізу орындары арқылы жергілікті тұрғындарды өткізу тоқтатыла тұрады.

Қазақстандағы төтенше жағдай  

Қазақстанда 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі енгізілді.
Ол 15 сәуірге дейін созылады. Мемлекеттік комиссия құрылып, премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен жұмыс істейді. Президент тиісті жарлыққа қол қойды.
15 наурыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда тоғыз адам коронавирус жұқтырды. Елде ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ, отбасылық, салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынды.





16 наурыз 2020 ж. 154 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031