» » Үкімет пен Сенат отырысы онлайн өтеді

Үкімет пен Сенат отырысы онлайн өтеді

 
 Коронавирустың таралуын алдын алу мақсатында Үкімет пен Сенат отырысы онлайн өтеді.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 16) тармақшасына және «Төтенше жағдай туралы» Жарлығына сәйкес, Қазақстанның барлық аумағында коронавирустың таралуын алдын алатын шаралар күшейтілді.
Осыған байланысты 16 наурыздан 15 сәуірге дейін отырысқа келушілер мен қатысушыларға, сондай-ақ, БАҚ өкілдері Үкімет үйі ғимаратына кіруге шектеу қойылады. Үкімет отырысы primeminister.kz және басқа да ресми парақшалардан онлайн көрсетіледі», – деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
    Еске сала кетейік, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия деп жариялаған болатын.
Ал Қазақстанда кеше, 15 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай жариялады.
"Айқын" ақпарат
16 наурыз 2020 ж. 189 0

PDF нұсқалар мұрағаты

28-357

16 шілде 2020 ж.

27-356

11 шілде 2020 ж.

26-355

02 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031