» » Бір тәулікте 14 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

Бір тәулікте 14 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

   
Соңғы 24 сағатта коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың саны 14 мыңға артып, 862 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды РИА Новости. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бір тәулікте вирусты жұқтырған 13 903 адам анықталған. Оның 29-ы Қытайдан. Жалпы, бүгінге дейін COVID-19 жұқтырғандардың саны 167 511-ге жеткен.
Қытайдан тыс жерде 848 адам қайтыс болған. Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем бойынша – 6606 болса, оның 3388-і Қытайдан өзге мемлекеттерде кездеседі. Осы кезге дейін вирус 151 елге тараған.
Ал Қазақстанда коронавирусты  жұқтырғандар карантинде ем қабылдап жатыр. Сақтық шаралары үшін 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды.
"Айқын" ақпарат

17 наурыз 2020 ж. 401 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031